Fake News

Бейтаныс біреулер у қосылған иіс су сатады – фейк

WhatsApp мессенджерінде Қазақстан тұрғындары у қосылған әтір су сататындар туралы ескертеді. Оны иіскеген адам қайтыс болады екен. Бұл ескі фейк.

У қосылған иіс су туралы хабарлама Желіде бір жыл бұрын таралған. Ақпан айында ол Интернеттің ресейлік сегментінде пайда болған, кейін бұл ақпаратпен Беларусь және Эстония қолданушылары бөліскен.

Алдымен хабарламаның саяси астары болды, онда Луганск тұрғындары Ресей немесе Беларусь қалаларында у қосылған парфюмерия сатады деп айтылды. Бұл ақпарат расталған жоқ. Полицейлер мұндай фактілер тіркелмегенін хабарлады. Бұл ақпаратты Ресейдің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және адамның әл-ауқатын бақылау жөніндегі федералды қызметі де жоққа шығарды.

Фейк Қазақстанға 2023 жылдың наурыз айында жетті. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында у қосылған әтір сулар сатылатыны туралы қауесет тарады.

Көріп отырғаныңыздай, оқиға қайталанып жатыр. Жалған хабарламалардың құрбаны болмау және дүрбелең тудырмау үшін ойланыңыз. Ақпаратты тексеріңіз. Іздеу жүйесінде «у қосылған иіс су» немесе «у қосылған әтір су» деп терсеңіз, бұл мифті қанша фактчекер жоққа шығарғанын көресіз.

Хабарламаның фейк екендігінің тағы бір белгісі – эмоцияға толы мәтіндік немесе аудио хабарламалар. Мұндай жаңалықтар ақпараттандыру үшін емес, манипуляция жасау үшін жасалады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button