Fake News

Фейк: «2025 жылы әлемде миллиард адамға жұғатын жаңа вирус таралады»

Әлеуметтік желілерде жаңа пандемия туралы видео таратылуда. Вирус 2025 жылы пайда болады және SPARS деп аталады. Ол миллиард адамға жұғады, олардың басым бөлігін балалар құрайды. Аман қалғандары сал болып қалады немесе миына ауыр зақым келеді екен. Бұл Желіде талай рет жарияланған жалған ақпарат.

Видео авторы Джонс Хопкинс денсаулық сақтау орталығының мәліметтеріне сүйеніп, SPARS вирусы қауіпті дейді. Алайда біз дереккөзді анықтадық, хабарлама 2017 жылы шыққан екен. Бұл денсаулық сақтау мамандарын даярлауға арналған оқу материал. Онда дәрігерлерге ықтимал індеттерге дайындалуға көмектесетін 2025-2028 жылдардағы SPARS вирусының ойдан шығарылған сценарийі сипатталған. Бұл құжаттың мақсаты – дәрігерлер мен денсаулық сақтау қызметкерлерін инфекциялық қауіптермен байланысты ықтимал қатерлерді түсінуге және оларға дайын болуға үйрету.

Сонымен қатар видеода болашақ пандемия Дүниежүзілік банк, ДДҰ және Ақ үйдің ісі делінген. Алайда, бұл мекемелердің ресми сайттарында мұндай мәлімдемелерді растайтын деректер жоқ. Ақ үйдің сайтында да, ДДҰ сайтында да жаңа пандемияға дайындық жоспарлары туралы ақпарат шықпаған. SPARS вирусы туралы ештеңе жазылмаған.

Дүниежүзілік банк коронавируспен күресу үшін пайдаланылған қаражат туралы ғана хабарлаған. Есептердің ешқайсысында жаңа вирус туралы айтылмайды.

Видеода SPARS вирусы және болашақ пандемия туралы айтылғанның бәріне нақты негіз жоқ. Бұл денсаулық сақтау мамандарын оқытуға арналған, нақты қауіп-қатерлерге қатысты емес ойдан шығарылған сценарий.

Ақпарат көздерін үнемі тексеріп отыру қажет және Интернетте таралған тексерілмеген мәлімдемелерге сын көзбен қарау маңызды.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button