Fake News

Желіде «Атамекен» ҰКП инвестициялық жобасының жалған жарнамасы таралуда

Интернетте және әлеуметтік желілерде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының инвестициялық жобасының жалған жарнамасы таратылуда. Роликте жобаға қатысу үшін 75 мың теңге төлеп, 5 күннен кейін 5 миллион теңге ала аласыз делінген. Бұл алаяқтық.

«Атамекен» ҰКП өзінің ресми сайтында бұл роликтің мазмұны шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды:

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ешқандай қаржы жинауды жүргізбейді.

Жоғарыда аталған материалды тарату фактісі бойынша құқық қорғау органдарына хабарланды.

Мұндай схемаларға қатысу қолма-қол ақшаның жоғалуына не жеке деректердің таралуына әкелуі мүмкін. Егер осындай күдікті ұсыныстар болса, құқық қорғау органдарына хабарласуыңызды сұраймыз».

«Атамекен» ҰКП қызметі, оның бастамалары мен қызметтері туралы барлық ақпарат тек ресми ресурстарда жарияланады:

– atameken.kz сайты;

– Facebook парақшасы;

* аtameken.news телеграм-арнасы;

* аtameken.news TikTok аккаунты;

* аtameken.news Instagram аккаунты;

* @atamekenkz YouTube арнасы;

«Атамекен» ҰКП қызметіне байланысты мәселелер туындаған жағдайда, сіз 1432 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шала аласыз.

«Кәсіпкерлер мен қазақстандықтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз.

Сондай-ақ, алаяқтық схеманың құрбаны болмау үшін жақындарыңызбен осы ақпаратпен бөлісуге шақырамыз», – делінген «Атамекен» ҰКП хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button