Fake News
Фейк: «Қазақстан Президенті ел тұрғындарының бір күндік жалақысын АҚШ-тағы өрттен зардап шеккендерге аударуды тапсырды»
TikTok-та пайдаланушылардың бірі жазған видео қызу талқылануда. Ол Желіде оқыған «жаңалық» туралы айтады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрлігіне Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккен АҚШ тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде қазақстандықтардың бір күндік жалақысын аударуды тапсырған екен. Голливуд жұлдыздары да тыс қалмайды. Бұл фейк.
Видео авторы ақпаратты қайдан алғанын айтпайды. Алайда, бастапқы дереккөз – @qaznews24 Instagram аккаунты. Бұл ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайтын сатиралық агенттік. Парақша профилінде «Барлық атаулар мен оқиғалар ойдан шығарылған, қандай да бір сәйкестіктер - кездейсоқ жағдай» деген ескерту жазылған.
Демек, бұл ақпаратқа сенбеген жөн. Бұл фейк.