Fake News

Фейк: «АҚШ-та ерімейтін жасанды қар жауды»

Әлеуметтік желі қолданушылары ерекше жауын-шашынды талқылауда. Америкада отқа салсаң да ерімейтін қар жауған екен. Видеода оттың үстіне қойған қардың ерімейтіні көрсетілген. Адамдардың пайымдауынша, бұған геоинженерия себеп. Алайда, мұны ғылыми тұрғыдан түсіндіруге болады.

Ерімейтін қар туралы алғашқы хабарламалар 2014 жылы Атлантада ақпанда жауған қалың қардан кейін пайда болды. Адамдар жауын-шашынды химтрейлдермен және наноботтармен байланыстырды.

Slate журналының Bad Astronomy блогының авторы Фил Плэйт «ерімейтін» қармен тәжірибе жасап, нәтижелерін Youtube-те Bad Astronomy парақшасында жариялаған. Оның қорытындысы мынадай: қар рас. Плэйт қар еріген кезде суды сіңіреді, сондықтан ол ерімейтіндей болып көрінеді деп түсіндірді.

2021 жылдың ақпанында Техаста болған қарлы бораннан кейін «жасанды» қар туралы роликтер интернетте көп тарады. Америкалықтар қардың жалған екенін дәлелдеу үшін оны тағы да жаға бастады. Фейк қар жасағаны үшін кінәлі болмаған ешкім қалмаған шығар – Үкімет, Билл Гейтс, тіпті Қытай.

Шын мәнінде, бұл кәдімгі қар. Ғылым оны сублимациямен түсіндіреді. YouTube-те бұл процесс туралы бірнеше видеоролик бар.

Сублимация – бұл қатты заттың сұйық фазадан өтіп, бірден газға ауысуы. Оттан мұздатылған қар массасы сұйық суға емес, бірден буға сублимацияланады. Видео ұзағырақ болғанда, көрермендер қардың буланып кеткенін байқайтын еді.

Ерімейтін қар туралы мәлімдемелер – фейк. Қар ұшқындары ериді, бірақ сублимация процесінен олар суға айналмай бірден жойылады. Бұл жалған теориялар табиғи процестерді түсінбегеннен туындайды және ғылыми негізсіз болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button