Конспирология: «ДЭФ 2050 жылға қарай 4 миллиард адамды өлтіреді»
Қазнет пайдаланушылары талқыға салған мәселе – Дүниежүзілік экономикалық форум 2050 жылға қарай 4 миллиард адамды жояды. Бұл соғыс, эпидемия және ашаршылық арқылы жасалады екен. Мұндай оғаш пікірлер қайдан шыққанын анықтайық.
Батыл және негізсіз мәлімдемелерді конспиролог Джон Коулман жасаған. Ол өзінің теорияларын «Қастандық жасаушылар иерархиясы: 300 комитет тарихы» кітабында сипаттаған.
Коулман жазғанның бәрі – тағы бір қастандық теориясы. Кітапта 300 комитет туралы жазылған. Бұл планетадағы ең беделді адамдар кіретін ойдан шығарылған ұйым. Олар бүкіл әлемді басқарады екен.
300 комитет туралы алғаш рет неміс саясаткері Вальтер Ратенау өз мақаласында жазған. Оның айтуынша, «бұл адамдар бір-бірін таниды, континенттің экономикалық тағдырын шешеді және өз орталарынан ізбасарларын іздейді». Уақыт өте келе теория өзгерді, бірақ оны растайтын ешқандай дәлел табылған жоқ.
Қастандық теорияларын жақтаушылар арасында Жер халқын қасақана азайту туралы идеялар жиі айтылады. Кейбіреулері бұл Билл Гейтстің, Джон Рокфеллердің және басқа да беделді тұлғалардың ой дейді. Біз мұндай мәлімдемелердің неге шындыққа жанаспайтыны туралы жазған болатынбыз.
Қорытындылай келе, бұл хабарлама ойдан шығарылған деп айтуға болады. Конспиролог Джон Коулман өз идеяларына нақты дәлелдер ұсынбайды.