Fake News

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі АПВ қарсы вакцинация бедеулікке әкелетіні туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде АПВ (адам папиллома вирусына) қарсы екпе қауіпті екендігі туралы видео тарады. Вакцина бедеулікке әкелуі мүмкін екен. Бұл фейк.

 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті роликке қатысты түсініктеме берді.

«Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде тараған АПВ (адам папиллома вирусы) қарсы вакцинация бедеулікке әкелетіні туралы ақпарат шындыққа жанаспайды және фейк деп танылды.

ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялауды осы жылдың қыркүйек айында енгізу жоспарланғанын хабарлайды. АПВ қарсы вакцинациялау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған және тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген «Мерк Шарп және Доум» (АҚШ) компаниясы шығарған 4 валентті «Гардасил» вакцинасы қолданылады», – деп хабарлайды ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық немесе күн сайын 5 жаңа жағдайы тіркеледі, осы патологиядан жыл сайын 600-ден астам әйел немесе күн сайын 2 әйел қайтыс болады. Бүгінгі таңда АПВ мен жатыр мойны обырының дамуының алдын алудың жалғыз жолы вакцинация болып табылады.

АПВ қарсы вакцинацияның ауыртпалығы мен тиімділігін ескере отырып, 135 ел, оның ішінде, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан аталған вакцинаны ұлттық иммундау бағдарламаларына енгізді.

«Көптеген зерттеулердің, оның ішінде, Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің нәтижелері АПВ қарсы вакцина алмаған әйелдер тобына қарағанда, егілген әйелдердің репродуктивті денсаулығы жақсы екендігін көрсетті.

Көптеген әлемдік зерттеулер (Данияда, Канадада, АҚШ-та және т.б.) мынаны көрсетті: фертильділіктің бұзылуымен, аналық бездің сарқылу синдромымен немесе басқа репродуктивті бұзылулармен байланыс байқалмаған.

Бұл тұжырымдар АПВ қарсы вакцинацияның қауіпсіз және аса тиімді екендігін растайды, екпе салдырған әйелдердің денсаулығына жақсы әсер ететінін көрсетіп, АПВ қарсы екпенің бедеулікке әкелмейтінін дәлелдейді.

Жалған ақпарат таратқан адамдардың іс-әрекетіне құқықтық баға беру үшін материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен барлық азаматтарды ресми дереккөздерден тараған сенімді ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз», – делінген ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button