Фейк: «Метан шығарындылары көп болатындықтан күріш өсіруге тыйым салынады»
Әлеуметтік желілерде ғалымдар фермерлерге күріш өсіруге тыйым салмақ деген ақпарат таратылуда. Бұл дәнді дақылдардан шығатын метан шығарындылары әлемдегі көрсеткіштің 10% құрайды. Бұл фейк. Әлем халқының көпшілігі үшін негізгі тағам болып табылатын күріш өндірісін ешкім тоқтатпайды.
Пост авторы дәлел ретінде 2023 жылдың наурызында AFP француз ақпарат агенттігі Вьетнамда түсірген видеорепортаждан үзінді келтіреді. Онда күріш өсіруге байланысты метанның мөлшері жоғары болатыны туралы айтылады. Су басқан күріш алқаптарында өсіп, көбейетін бактериялардан парниктік газ шығады. Бұл егін жинағаннан кейін сабанды қалдырса орын алады. Алайда, бүгінде вьетнамдық фермерлердің көбі жаңа тәсілмен жұмыс істейді. Олар сабанды егістікте қалдырмауды және оны өртемейді. Құрғақ сабақтар саңырауқұлақтар мен органикалық тыңайтқыштар өндіру үшін қолданылады.
2021 жылдың қарашасында 100-ге жуық ел метан шығарындыларын азайту жөніндегі Жаһандық міндеттемеге қол қойды. Бұл мемлекеттер 2030 жылға қарай шығарындыларды 2020 жылғы деңгейден 30%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Қатысушылар қатарында әлемдегі бірнеше ірі күріш өндірушілері бар: Вьетнам, Индонезия, Бангладеш.
2022 жылы Вьетнам Дүниежүзілік банктің қолдауымен ауыл шаруашылығының жаңа әдістерін қолдана бастады. 184 мың га күріш шаруашылығында су ресурстарын басқару жақсарды, тұқымдар, тыңайтқыштар мен пестицидтер оңтайландырылды. Бұл өнімділікті 5-10% сақтауға және арттыруға мүмкіндік берді, ал ең бастысы парниктік газдар шығарындылары азайды.
Халықаралық күріш ғылыми-зерттеу институты (IRRI) енгізген «Кезек-кезекпен сулау және кептіру» деп аталатын схема да метан шығарындыларын азайтуға мүмкіндік береді. Күріш алқаптарының плантациялары маусым ішінде қысқа мерзімге құрғатылады. Бұл метан шығаратын бактериялардың азаюына әкеледі.
Швеция ғалымдары бір қадам алда. Олар генетикалық түрлендірілген күріш өсіре алды. Ол үшін өсімдікке арпа гендерінің бірі қосылды. Ол күріш сабақтары мен тұқымдарында крахмалдың жиналуын ынталандырады. Дәндері әлдеқайда нәрлі болады. Сондай-ақ тамырларда көмірсулар аз болды. Осының арқасында метан шығаратын топырақ бактерияларының саны азайды.
Демек, парниктік газдар шығарындыларын азайту үшін күріш өндіруден бас тарту қажет емес. Бүгінде фермерлерге дәнді дақылдарды планетамыздың экологиясына үлкен зиян келтірместен өсіруге көмектесетін жаңа технологиялар пайда болды.