Фейк: «Вакцинацияланған ет қозғалады»
Әлеуметтік желілерде тараған роликте туралып жатқан еттің тақтайда қозғалып жатқаны көрсетілген. Пайдаланушылардың пайымдауынша, бұл жануарларға салынатын вакциналардағы наноботтар мен графен немесе азық салдарынан болады. Бұл жағдайдың мән-жайын анықтайық.
Интернетте бұған дейін де «тірі» ет туралы жазылған. 2009 жылы Желіде бақаның қозғалып жатқан аяғы туралы видеолар жарияланды. 6 жылдан кейін пайдаланушылар терісі сыдырып алынған жыланның жорғалап бара жатқанын көрген. 2017 жылы сиыр етінің қозғалғаны көрсетілді, ал 2019 жылы ет үстелден түсіп кеткен. Бұл видеолардың көбі кеңінен таралды.
Scientific American ғылыми сайты 2011 жылы осы жағдайларға қатысты түсініктеме берді. Мәселе мынада, бұл – жаңа сойылған малдың еті , яғни оның нейрондары әлі де жұмыс істеп тұр. Мембраналық потенциалды сақтаған энергия бар. Әдетте, етті пісірмей тұрып натрий ионы көп тұз себеді. Ол ет нейрондарының жандануына әкеледі, оны бұлшықеттің жиырылуынан байқауға болады.
Австралиялық ScienceAlert сайтында 2015 жылы жарияланған мақалада бұл болжамды ет инспекторы Лю Сувен растайды:
«Орталық жүйке жүйесі өлді, ал бұлшықеттердегі жүйкенің ұштары әлі де белсенді. Бұл қозғалысқа әкеледі, өйткені нервтер әлі тірі. Біраз уақыттан кейін ол да тоқтайды».
Демек, жануарларды вакцинациялау мен азық еттің қозғалуына әсер етпейді. Мұның бәрін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге болады.