ІІМ қалааралық тасымалдау саласындағы алаяқтық туралы ескертеді
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі алаяқтықтың жаңа тетігі туралы ескертеді. Бұл жолы алдау схемасы қалааралық тасымалдау саласында қымбат көліктер мен әртүрлі тауарларды ұрлаумен байланысты болып отыр.
Мұндай фактілер негізінен Алматы мен Алматы облысынан басқа өңірлерге тасымалдау кезінде анықталды.
«Алаяқтар жүк тасымалдау туралы хабарландырулар бойынша тапсырыс берушілермен және автовоздар мен фура жүргізушілеріне хабарласып, тасымалдау қызметтерін ұсынады. Олар тапсырыс берушілерге автокөлік жүргізушілеріміз, ал жүргізушілерге тапсырыс берушілерміз деп айтады. Екі тарапты да алдап, ұрланған жүкті одан әрі заңсыз сату мақсатында иемденеді.
Жедел-іздеу іс-шаралары барысында осындай қылмыстық топтың бес қатысушысы ұсталды.
Осыған байланысты ІІМ азаматтарға жүкті ілеспе көлікпен жөнелткен немесе оны одан әрі тасымалдау үшін қабылдаған кезде барлық қажетті құжаттармен мұқият танысуға кеңес береді. Жүргізушінің телефон нөмірін жарнамада көрсетілгенмен салыстырып, онымен қозғалыс бағытын, сондай-ақ жеткізу мекен жайын талқылауды ұмытпаңыз. Пікірлерді оқыңыз. Күдікті әрекеттер анықталған жағдайда бұл туралы дереу полицияға хабарлаңыз, – деп атап өтті департамент бастығы – ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.