Fake News

Ликбез: бөтен адамдарға дербес деректердің қайсысын айтуға болады, қайсысын айтуға болмайды

Қмірімізде жеке деректерді сұрайтын жағдайлар жиі болады. Кейде банк картасының немесе жеке куәліктің нөмірін айтқанда, бұған күмәнмен қараймыз. Мұндайға жол бермес үшін бөтен адамдарға жеке деректердің қайсысын қорықпай айтуға болатыны, қайсысын айтуға болмайтыны туралы толығырақ айтып береміз.

Көбінесе деректердің екі түрін сұрайды: банк картасы туралы ақпаратты немесе ҚР азаматының жеке куәлігінде көрсетілген мәліметтерді. Банк карталарынан бастайық.

Картаның нөмірі

Бұл банк картасының алдыңғы жағында жазылған 16 таңбалы код. Оны айтуға болады. Сізге ақша аударатын кезде көбінесе осы мәлімет қажет болады. Карта нөмірінде төлем жүйесінің идентификаторы (VISA, MasterCard және т.б.), банктің БСН, картаның түрі – несиелік немесе дебеттік, валюта, шығарылған өңір және арнайы тексеру нөмірі шифрланған.

Картаның атауы

Ол картаның алдыңғы бетінде төменгі жағында бас латын әріптерімен жазылады. Оны хабарлауға болады. Кейде бұл ақша аудару үшін қажет.

Картаның жарамдылық мерзімі

Картаның алдыңғы бетінде төменде сол жақта жазылады. Оны бөтен адамдарға айтуға болмайды, өйткені кейбір онлайн-дүкендер қосымша тексерулерді қажет етпей, тек картаның нөмірі мен оның жарамдылық мерзіміне қарап, төлемді қабылдайды. Яғни, үшінші тұлғаларға картаның жарамдылық мерзімін айтып, сіз оларға автоматты түрде онлайн сатып алулар жасауға мүмкіндік бересіз.

CVC \ CVV коды

Бұл картаның артқы жағында көрсетілген үш таңбалы код. Оны айтуға болмайды. Бұл код онлайн сатып алулар жасау үшін қажет. Бұл кодты білетін адам сіздің картаңызбен интернетте төлем жасай алады.

Енді жеке куәлік деректеріне тоқталайық

Толық аты-жөні

Оны айтуға болады. Бұл ақпаратты біле отырып, әлеуметтік желілер сияқты ашық дереккөздерден адам туралы мәліметтерді табуға болады, бірақ оның атына несие алу немесе оның қаржылық жағдайы туралы ақпарат алу мүмкін емес.

Туған күні

Қаласаңыз, оны да айтуға болады. Бұл ақпарат алаяқтарға ешқандай мүмкіндік бермейді.

ЖСН

Оны бөтен адамдарға айтуға болмайды. Жәбірленушінің ЖСН-ін біле отырып, олардың атына несие алған алаяқтар туралы Желіде көп жазылған. Сондай-ақ ЖСН арқылы жаңа телефон нөмірін ресімдеуге болады. Ал оған келіп түскен SMS-растауды алғаннан кейін ақшалай несие алуға болады. Сонымен қатар, нөмірді басқа адамдарды алдау үшін пайдалануға болады.

 Жеке куәліктің нөмірі

Оны бөтен адамдарға айтуға болмайды. ЖСН-мен бірге ҚР азаматының жеке куәлігінің нөмірі алаяқтарға адамдардың атына несие рәсімдеуге мүмкіндік береді. Ал жәбірленуші бұл туралы білмей қалады.

Бейтаныс адамдарға құжаттар мен банк карталарының фотосуреті мен видеосын жіберуге болмайды. Жеке деректер немесе толық QR-кодтар көрінетін төлқұжаттардың, куәліктердің, карталардың, авиа және темір жол билеттерінің суреттерін әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар

Басқа жаңалықтар

Back to top button