Денсаулық сақтау министрлігінің департаменті Астана әуежайында жолаушыларды тепловизормен тексеруге қатысты түсініктеме берді
Қазақстандықтар журналист және кәсіпкер Динара Сатжанның Telegram-арнасында жариялаған жазбасын талқылауда. Оның айтуынша, Астана әуежайында бетперде тағып, тепловизор ұстап жүрген адамдар Еуропадан ұшып келген жолаушыларды тексеруде. Адамдар Қазақстанда А (H5N2) құс тұмауы жағдайы тіркелді ме деп алаңдауда.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Санитарлық-карантиндік пункт мамандарының іс-әрекеттері функционалдық міндеттеріне сәйкес қатаң регламенттелген.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес инфекциялық және жаппай инфекциялық емес ауруларды (улануларды) ел аумағына әкелудің алдын алу мақсатында санитариялық-карантиндік бақылау экипаж мүшелері мен жолаушылардан олардың денсаулығы туралы сұрау, тепловизорлармен тексеру, денсаулығына шағымдар болған жағдайда медициналық қарап-тексеруді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Алаңдауға негіз жоқ», – деп хабарлады ведомстводан.