Fake News
Белгісіз біреулер мәдениет және ақпарат министрінің атынан хабарламалар таратуда
WhatsApp мессенджерінде ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан фейк ақпарат таратылып жатыр. Бұл туралы ол Facebook-тегі жеке парақшасында жазған.
«Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде белгісіз біреулер тұрғындарға менің атымнан хабарламалар жіберуде.
Бұл хабарламалар жалған екенін, нөмірлер маған тиесілі емес екенін ресми түрде мәлімдеймін.
Жіберілген ақпараттарға сенбеулеріңізді және ешбір жағдайда күдікті сілтемелерді баспауларыңызды сұраймын.
Қазір арандатушыларды іздеу жұмыстары жүргізілуде», – деп жазды Аида Балаева.