Fake News

Фейк: «Жерді басып жүру жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейді және қартаюды баяулатады»

Желіде шыққан ақпаратқа сенсек, жалаң аяқ жүру барлық ауруларға панацея. Telegram арналардың бірі бұл қартаюды баяулатады деп жазды. Монтаждалған роликтерде бұл жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейді делінген. Ресми медицинаның бұған қатысты пікірі қандай?

Табанда бірнеше негізгі нүкте бар. Олар әртүрлі органдарға, сонымен қатар бездер мен ағза жүйелеріне де қатысты. Оларды ынталандыру үшін жай жүру аз болады. Дәстүрлі емес медицинаны – рефлексология мен акупрессураны жақтаушылар табан бұлшық еттерін ынталандырудың арнайы әдістерінің көмегімен әртүрлі ауырсыну мен стресстен құтылуға болады деп санайды. Естеріңізге сала кетейік, баламалы медицинаның ғылыми дәлелді негізі жоқ.

Ғалымдар жалаң аяқ жүрудің денсаулыққа әсерін зерттеген. 2015 жылы шыққан мақалада жерді басып жүру жаралар мен созылмалы қабынудың аутоиммунды аурулары емдеуге оң әсер ететіні айтылған.

Зерттеушілердің пікірінше, бұл үшін тері жер үстіне тиюі керек. Сонымен қатар бұл ұйқыны қалыпқа келтіруге, кортизолдың күндізгі және түнгі ырғағын теңестіруге, стрессті төмендетуге септігін тигізеді.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіпті факторларының бірі – тұтқырлық пен қанның жиналуы. Бүгінгі таңда адамдарға арналған қанды сұйылтатын дәрі-дәрмек көп. Зерттеушілер бұл жағдайда жерді басып жүрудің қалай көмектесе алатынын анықтады. Қорыта айтқанда, ол эритроциттер агрегациясын төмендетеді, яғни қанның қызыл бөлшектері бірігуін тоқтатады. Эксперименттер жалғасуда.

Физиолог Гаэтан Шевалье жалаң аяқтың жер бетіндегі теріс электр зарядымен тікелей жанасуы бет терісіне қалай әсер ететінін тексермек болды. Ол жерде бір сағат жүрудің өзі беттегі қан ағымының реттелуін қалпына келтіруге көмектеседі деген қорытындыға келді. Бірақ қосымша зерттеулер жүргізу қажет.

Сондықтан ғалымдар нақты жауап алу үшін эксперимент жүргізуді жалғастыруда. Ал кәсіпкерлер болса, ақша тауып жатыр. Мысалы, америкалық сайттардың бірінде адамдар мен иттерге арналған жерлендіретін кілемшелер, жастықтың тыстары және түрлі таспалар сатылады.

Жалаң аяқ жүріп, жүрек-қан тамырлары аурулары жазылған немесе қартаюды бәсеңдеткен адамдар туралы сенімді деректер жоқ. Осы тақырыптағы жарияланымдар мен видеолар дәлелсіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button