Фейк: «Әрбір қазақстандыққа 100 мың теңгеден төленуге тиіс»
«Қазақстанның барлық азаматтарына бұрын төленген қаражатты қайтару!» – әлеуметтік желілерде осындай жалған жарнама қайта шықты. Алаяқтар қазақстандықтарға 100 мың теңгеден бастап өтемақы төленеді дейді. Мұның бәрі өтірік.
Бұл жолы фейк ақпарат Facebook парақшасында Қаржы министрлігінің атынан жарияланған. Жалған парақша жақында ғана – 2024 жылдың 15 қаңтарында ашылған. Алаяқтардың жарнамасына шындыққа жанаспайтын жақсы пікірлер жазылған. Парақшалардың барлығы сенімді пайдаланушыларды алдау үшін 2023 жылдың сәуірінде тіркелген. Әлеуметтік желіні ешкім жүргізбейтіні көрініп тұр, олар жаңартылмаған, фотосуреттер де өзгермеген.
Төлем туралы мәлімет алу үшін алаяқтар қазақстандықтарға бөгде веб-ресурсқа өтіп, ЖСН арқылы өздерін жалпы тізімнен тексеруді ұсынады. Сайт жалған болғандықтан, өзіңіз жайлы жеке ақпаратты қалдырмаңыз. Мұны қылмыскерлер ақшаңызды иемдену үшін пайдалана алады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ресми сайтында да, әлеуметтік желілерінде де 100 мың теңгеден басталатын төлемдер туралы ақпарат жоқ. Ресми БАҚ-та да әрбір қазақстандыққа мемлекеттен өтемақы төленетіні туралы хабарламалар болмаған.