Стелленбосс университетінің кіреберісіндегі ұлттың жойылуы туралы сөз тақтасы – фейк
Қазақстандықтар Оңтүстік Африкада Стелленбосс университетіне кіре берісте ұлтты жою үшін білім беру жүйесін жою керек деген тақтайша ілулі тұр деп жазуда. Бұл фейк. Неге екенін түсіндіріп өтейік.
Білім беру жүйесінің күйреуі туралы жазылған тақтайша туралы ақпарат Желіде 2017 жылдан бері орыс және басқа тілдерде таратылып келеді
Бұл ретте пайдаланушылар тақтадағы жазу туралы айтады, бірақ Желіде университеттің қасбетіндегі тақтайшаның бірде-бір суреті жоқ.
Стелленбосс университетінің ресми сайтында осындай жазуы бар тақта туралы жазылмаған. Онда 2018 жылы университет кітапханасының қасбетіне орнатылған «Жүз жылдық Жолдау» туралы айтылады. Бұл үш тілде жазылған үш шыны тақтайша: африкалық, ағылшын және хоса. Оларда былай делінген: «2018 жылы Стелленбосс университеті өзінің жетістіктері атап өтеді. Сондай-ақ біз еліміздің өткеніндегі әділетсіздікті мойындаймыз. Біздің университет Африкадағы және Африка үшін әлемдік деңгейдегі мінсіз инклюзивті университет болуға ұмтылады. Алға бірге қадам басайық».
Оқу орнының сайтында басқа тақтайшалар туралы ақпарат жоқ.
Ал Желіде білім беру жүйесінің күйреуі және ұлттардың жойылуы туралы дәйексөз Стелленбосс университетін атамай-ақ кездеседі. Мысалы, Оңтүстік Африка университетінде сөйлеген белгісіз дәріскер осылай деген екен. Басқа ресурстардың мәліметінше, дәйексөз Нельсон Манделаға тиесілі және ол Оңтүстік Африка университетінің кіреберісіндегі тақтайшаға ойып жазылған. Алайда, аталған университеттің сайтында бұл мәлімдеме туралы ешқандай ақпарат жоқ.
Кейбір порталдарда ұлтты қалай жою керектігі туралы дәйексөз тақтайшасы туралы ақпарат «әзіл» тегімен кездеседі.
Сондай-ақ Желіде Оңтүстік Африкаға барған және әйгілі тақтайшаны суретке түсірмек болған, бірақ оны Стеленбосс университетінің қабырғасынан таппаған туристердің әңгімелерін оқуға болады.
Демек, мұндай тақтайшаның бар екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Тақтайшаның суреті жоқ, ал университеттің ресми сайтында ол туралы жазылмаған. Ал онда жазылған дәйексөзді әртүрлі адамдар айтқан екен.
Қорыта айтқанда, Стелленбосс университетінің кіре берісіндегі тақтайша туралы ақпарат – фейк.