Видео

Фейк: «Британдық телеарналардың бірінде адам еті ашық түрде жарнамаланады»

Әлеуметтік желілерде Ұлыбританияның басты телеарналарының бірінде көрсетілген жарнамалық ролик талқылануда. Бұл адам етін жеуді насихаттайтын деректі фильмнің аңдатпасы. Кейбір қолданушылар мұны «каннибализмге дайындық» деп санайды. Таралған роликтің не туралы екенін анықтайық.

Видеода mockumentary жазуы бірден көзге түседі. Ол екі сөзден құралған mock – пародия, мазақ, және documentary – деректі фильм.  Яғни, сөзбе-сөз аударғанда mokumentary «деректі фильмге пародия» деп аударылады. Яғни онда көрсетілген жайттар шын болмауы мүмкін.

Адам етін жеу туралы фильм 2023 жылдың 24 шілдесінде эфирге шығып, көп шу шығарды. Алайда, оның авторлары көрсетілгеннің бәрі әзіл деп бірден айтты. «Псевдо деректі фильмнің» сценарийін комедия жазушысы Мэтт Эдмондс жазған, ал фильмде көрсетілген адам етін шығаратын фабрика жалған. Фильмде донор ретінде көрсетілген адамдар – жалдамалы актерлер.

BBC порталының хабарлауынша, фильмде «донорлар» ақша үшін өз етінің бір бөлігін беруге дайын екендігіне басты назар аударылған. Осылайша, кинорежиссерлер Ұлыбританиядағы экономикалық жағдайды және бағаның, соның ішінде азық-түлік тауарларының қарқынды қымбаттауын көрсетпек болған.

Қорыта айтқанда, британдық телеэфирде адам етін жеудің жарнама көрсетілмеген. Бұл фильм – елдегі әлеуметтік және экономикалық мәселелерге назар аудартуға бағытталған өте қатал сатира.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button