Fake News

Фейк: «Алматыда НАТО бітімгерлік орталығы ашылды»

Бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде Алматыда НАТО-ның бітімгерлік орталығы ашылғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп мәлімдеді.

Ведомствоның хабарлауынша, бізде мұндай орталық ашылған жоқ. Бұл дереккөздер ҚР Қорғаныс министрлігінің Бітімгерлік операциялар орталығының жаңа конференц-залын НАТО орталығы деп хабарлаған.
Залдың ашылуына АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниэль Розенблюм шақырылды.
ҚР ҚМ Бітімгерлік операциялар орталығы оқу орны ретінде 2006 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Онда қазақстандық әскерилерді БҰҰ стандарттары бойынша бітімгерлік операцияларға қатысуға үйретеді.
Елімізде «НАТО орталығының» ашылғаны туралы хабарламалар жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button