Пікірлер
Қарағанды әкімдігі қосалқы станциялардағы жарылыстар туралы қауесетке қатысты пікір білдірді
Мессенджерлерде Қарағандыдағы электр қосалқы станцияларындағы жарылыстар туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ онда келесі аптада қалада жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін электр қуаты жүйелі түрде өшіріледі делінген.
Қала әкімдігі бұл қауесеттерді жоққа шығарды.
– Бұл фейк. Электр қосалқы станцияларында жарылыс болған жоқ, – деп хабарлады Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімдігінің ресми Instagram-аккаунтында 28 қыркүйек күні сағат 13:00-де қалада электрмен жабдықтау қалпына келтірілді деп жазылған.
2023 жылғы 28 қыркүйекте Қарағандыда ЖЭО-3-те технологиялық бұзушылық орын алды. Оқиға салдарынан Қарағанды қаласы, сондай-ақ Қарқаралы және Бұқар жырау аудандары электр қуатынсыз қалды.