Fake News

Оқу-ағарту министрлігі мектеп пәнінің атауындағы балағат сөз туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде «Күнделік. Мектеп» мобильді қосымшасынан түсірілген скриншот тарады. Суретте мектеп пәндерінің бірі «Д***мо вокруг нас» деп аталатыны көрсетілген. Оқу-ағарту министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

Ведомствоның хабарлауынша, мектеп бағдарламасында ондай пән жоқ.

 – Оқу-ағарту министрлігі скриншотта көрсетілген пән атауы туралы ақпаратты растамайды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сабақ кестесіне енгізілетін пәндердің атауы пәндер анықтамалығынан алынады, пәндерді қолмен теріп жазу мүмкін емес, жүйеде мұндай өзгерістер енгізілмейді. Бұл скриншот – фейк, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button