Fake News

Фейк: «Екпелер бірде-бір өмірді құтқармаған»

Instagram-да Альфред Рассел Уоллестің вакциналар – бұл алдау және олар бірде-бір өмірді құтқармаған, бірақ көбін өлтірді деген дәйексөзі белсенді түрде таратылуда. Бұл сөз 1898 жылы айтылған екен және адамдар екпелердің қауіпті екенін сол кезде-ақ білген, бірақ оларды ешкім тыңдамаған. Бұл рас па? Анықтаййық.

Алдымен Альфред Рассел Уоллестің кім екенін айтайық. Ол әйгілі ағылшын натуралисті және Дарвин теориясын жақтаушы, ол мансабының соңында Виктория дәуіріндегі вакцинацияға қарсы қозғалысты негізгі жақтаушылардың бірі болды.

Уоллестің көзі тірісінде бір ғана шешекке қарсы вакцина болған және кеңінен қолданылған, демек ол осы екпе туралы айтқан.

ХІХ ғасырдың аяғында статистика мен есеп жүргізудің сенімді әдістері болмаған, сондықтан қолда бар мәліметтерді адамдар өз пайдасына қарай түсіндірген.

Бұл туралы зерттеуші Томас Вебер «Альфред Рассел Уоллес және Виктория дәуіріндегі Англиясдағы вакцинацияға қарсы қозғалыс» атты мақаласында жазған.

«Уоллес пен оның қарсыластары вакцинация туралы пікірталаста қолданған статистикалық көзқарас вакцинаның тиімділігі мәселесін шеше алмады; осылайша, әр тарап өз қажеттіліктеріне сай келетін интерпретацияны таңдаған».

Енді, жүз жылдан астам уақыт өткен соң, Уоллес шешекке қарсы вакцина бірде-бір адамды құтқармады деп қателеседі. Шешек ауруы – бұл толық жойылған адамның жалғыз ауруы. 1980 жылы ауру ресми түрде жойылды деп жарияланды, содан бері әлемде бұл ауруды жұқтырудың жаңа жағдайы тіркелмеген.

Айта кетейік, есептеулер бойынша шешектен әлемде жылына бес миллионға жуық адам көз жұмған.

Ауру ең көп таралған аймақтарда балалар мен ересектерді жаппай вакцинациялау арқылы оны толық жою мүмкін болды.

Демек, шешекке қарсы вакциналар әлем бойынша миллиардтаған адамды құтқарды және ең қорқынышты аурулардың бірін толығымен жоюға септігін тигізді деп айта аламыз.

Альфред Рассел Уоллестің Желіде тараған сөзі – ХІХ ғасырдың бұрмаланған және нақты емес статистикасына негізделген, есесіне, оның қате болғаны анық. Оған сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button