Fake News

Фейк: «Адам өмірі 10 есе қысқарды»

Желіде өмірді жасанды түрде 4-10 есеге қысқартылғаны туралы айтып жатқан ақ халаттағы ер адамның видеосы қызу талқылануда. Ол өз сөзінде 1954 жылы ДНҚ-ны зерттеп, жұмбақ біреу араласпаса, адамдар әлдеқайда ұзақ өмір сүре алатынын анықтаған «біздің ғалымдарымызға» сүйенеді. Мұның бәрі өтірік.

Алдымен, осы мәлімдемені талдауды хронологиядан бастайық. Видеодағы ер адамның айтуынша, сенсациялық жаңалық 1954 жылы ашылған. Бұл мүмкін емес, өйткені ол кезде ғалымдар біздің ДНҚ-ның неден тұратынын әлі де анық емес елестеткен. Бұл молекула 1953 жылы анықталған. Ғалымдар оны бұрыннан белгілі РНҚ молекуласының ақуыздарын қолдана отырып, 1957 жылы ғана оқылды. Мамандар бұл ақуыздарды аминқышқылдарына тоғыз жылдан кейін – 1966 жылы ғана аудара алды.

Сондай-ақ ролик кейіпкері қолданған оғаш терминологияға да назар аударған жөн. Ол біздің ДНҚ-да бар және өмірді жасанды түрде қысқарту үшін пайдаланылған «циклидті талшықтар» туралы айтады. Бірақ ДНҚ-да да, табиғатта да циклидті талшықтар жоқ. Осы жайлы Желіден іздеген кезед тек екі сәйкес нәтиже шығады және екеуі де әлеуметтік желілерде талқыланып отырған видеоға жарияланған парақшаларға апарады. ДНҚ-ның құрамына кіретін «фотоциклондар», «наноциклондар» және «эндоциклондар» терминдері де солпй. Бұл терминдердің жалпы ғылымға, оның ішінде биологияға мүлдем қатысы жоқ және ойдан шығарылған.

Шын мәнінде, кез келген ДНҚ нуклеотидтердің төрт түрінен тұрады: аденин, тимин, гуанин және цитозин. Олар сәйкесінше А, Т, Г және С бас әріптерімен белгіленеді. Адамдардың немесе жануарлардың ДНҚ-сында «циклондар» болмайды.

Қазіргі уақытта әлемдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73 жыл. Егер адамдар шынымен де 10 есе ұзақ өмір сүруге бейім болса, онда қандай да бір тарихи құжаттарда жеті ғасырдан астам өмір сүргендер туралы дәлелдер табылатын еді. Алайда тарихи әдебиетте мұндай мәліметтер жоқ.

Киелі кітапта 700, тіпті 900 жыл өмір сүрген адамдар туралы айтылады. Мұндай жүздеген жылдар бойы тұрған адамдардың барлығы Жер бетін топан су басқанға дейін болған деп есептеледі. Алайда, Ескі Өсиетті сенімді ғылыми дереккөз деп санауға болмайды. Ғалымдардың пікірінше, онда сипатталған топан су іс жүзінде әлем бойынша болмаған, бұл Тигр мен Евфрат өзендерінің тасуынан болған су тасқыны. Бұған геологиялық және географиялық тұрғыдан дәлелдер бар. Яғни, су тасқыны туралы асыра сілтеп айтылса, жеті ғасыр бойы өмір сүрген адамдар туралы әңгімелер де көркемдік гиперболизация болуы ықтимал.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылайтын болсақ, таралған видео – шындыққа жанаспайтын ғылымға қарсы өтірік. 1954 жылы ғалымдардың ДНҚ-ның құрылымы мен құрамы туралы қорытынды жасауы екіталай, өйткені ол кезде бұл үшін қажетті жаңалықтар әлі ашылмаған болатын. Сонымен қатар видеода айтылған терминдер ойдан шығарылған және ғылымға белгісіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button