Fake News

Фейк: «Әйгілі неміс саясаткерлерінің ата-бабалары нацист болған»

Әлеуметтік желілерде таралған коллажда әйгілі неміс саясаткерлері, соның ішінде Германия канцлері Олаф Шольцтың суреттері СС мүшелерінің фотосуреттерімен қатар орналасқан. Бұл нацистер қазіргі саясаткерлердің арғы аталары екен. Мұның бәрі жалған.


Германияда кейбір саясаткерлердің Гитлердің жақтастарымен туыстығы туралы қауесет 2022 жылдың көктемінде пайда болды. Фактчекерлер оларға бірден назар аударды. Correctiv неміс порталы осы тақырып бойынша бірнеше егжей-тегжейлі талдау жасады.
Олардың бірінде Фриц Фон Шольц, Ваффен СС генерал-лейтенанты, қазіргі Германия канцлері Олаф Шольцтың атасы деген пікір жоққа шығарылды. Фактчекерлер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын анықтады. Мұрағаттық жазбаларға сәйкес Фриц Фон Шольцтың балалары болмаған. Ол зайыбы Марианнамен бірге Пёрчах-ам-Вёртерзееде тұрған. Ал, Олаф Шольцтың аталары басқа қалада – Гамбургте қоныстанған.
Коллаждағы екінші фотосуретте СС обергруппенфюрері Хартман Лаутербах және Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах бейнеленген, бұл атасы мен немересі екен. Шын мәнінде, обергруппенфюрердің тегі Лаутебах емес, Лаутербахер және Германияның Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына туыс болмайды. Correctiv мәліметтері бойынша, СС балаларының аты Йорг, Ильза және Клаус болған. Сонымен қатар, Карл Лаутербахтың әкесі Вильгельм, ал анасы Гертруда екені белгілі.
Келесі екі суретте СС рейхсфюрері қауіпсіздік қызметкері Йозеф Туск пен Еуропалық кеңестің бұрынғы төрағасы Дональд Туск. Пайдаланушылардың айтуынша, олардың бірі атасы, екіншісі – немересі. Бұл да жалған. FullFact фактчекингтік ресурсы Дональд Тусктің атасы 1939 жылы фашистер тұтқындаған поляк екенін айтты. 1944 жылы ол Германияның Қарулы Күштеріне шақырылған, бірақ СС мүшесі болмаған және нацизмді жақтамаған.
Соңғы екі фотосуретте Германияның қаржы министрі Кристиан Линднер мен СС полковнигі Герхардт Линднер бейнеленген. Алдыңғы үш жағдайдағыдай, бұл да СС мүшесі саясаткердің атасы екен. Correctiv порталы түсініктеме алу үшін тікелей Германияның Қаржы министрлігіне жүгінген. Баспасөз қызметі фактчекерлерге ведомство басшысы Герхардт Линднерге туыс емес екенін жеткізді. Сонымен қатар порталдың хабарлауынша, ашық мәліметтерге сәйкес, Қаржы министрінің атасы мен әжесі Солтүстік Рейн-Вестфалиядан шыққан және сол жерде наубайханасы болған. Өз кезегінде, Герхардт Линднердің, наубайханасы болмаған, ол полковник те емес. Қолда бар тарихи мәліметтерге сәйкес, ол 17-ші СС танк-гренадерлік дивизиясын басқарған.
Қорыта айтқанда, таралған коллаж қолдан жасалған. Фотосуреттерде көрсетілген адамдар бір-біріне туыс емес.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button