Фейк: «COVID-19 қарсы вакциналардан қатерлі ісік тудыратын зат табылды»
Пайдаланушылар Желіде COVID-19 қарсы вакциналардан қатерлі ісік тудыратын зат табылғаны туралы видеомен бөлісуде. Бұл туралы видеода америкалық доктор Питер МакКаллоу мәлімдейді. Бұл рас па, тексерейік.
Алдымен роликке және оның қатысушыларына тоқталайық. Доктор Питер МакКаллоу covid-диссиденттік және вакцинацияға қарсы көзқарастарымен белгілі. Ол пандемия мен вакциналар туралы бірнеше рет қате және ғылымға қарсы ашық мәлімдеме жасаған. Мәселен, ол вакциналар өлімге әкеледі, ал инфекцияны жұқтырмас үшін вакцинацияланған адамдармен жақын қарым-қатынасқа түсуге болмайды деп айтқан.
Видеодағы екінші кейіпкер ¬- сұхбат алушы Алекс Джонс. Ол Америкадағы танымал конспирологтардың бірі, ол «Сэнди Хук» кіші мектебінде жаппай атыс болмаған және құрбан болғандар ¬- актерлер деп мәлімдегені үшін сот алдында жауапқа тартылған.
Яғни, видеодағы ер адамдарға сенуге болмайды.
Сонымен қатар, вакцинада табылған SV40 заты туралы айтылған теория толығымен жалған.
SV40 ¬– бұл маймыл вирусы. 1955-1963 жылдары АҚШ-та полиомиелитке қарсы вакциналардың кейбір партияларынан осы ауру анықталған. Бұл жағдай препараттың негізі ретінде пайдаланылған маймылдардың бүйрегінен алынған жасуша сызықтарынан болған. Алғашқы зерттеулер аталған вирус пен вакцина алғандарда қатерлі ісіктің дамуының арасында ешқандай байланыс жоқ екенін көрсетті. Кейіннен Медицина институтының Иммундау қауіпсіздігін тексеру комитеті ауру анықталған полиовакцина қатерлі ісік ауруын тудырады деп қорытынды жасау үшін қолда бар дәлелдер жеткіліксіз деп мәлімдеді. Сондай-ақ вирус жұқтырған адамдарда ол қатерлі ісіктің дамуына ықпал етуі мүмкін деген ғылыми мәліметтер жарияланды.
Дегенмен, бұл жағдайдың COVID-19 қарсы вакциналарға ешқандай қатысы жоқ, өйткені олардан SV40 мүлдем анықталмаған және препараттарды жасағанда ауру жұқтырған жасушалар пайдаланылмаған.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама – фейк. COVID-19 қарсы вакциналардан SV40 вирусы табылмаған, ал вакциналардың өзі қатерлі ісік тудырмайды.