Fake News

Фейк: «Пальма майын мұнайдан жасайды»

Мессенджерлерде пальма майы туралы бар «шындық» айтылған видео таратылуда. Оның авторының айтуынша, табиғи пальма майы қымбат және оны өте бай адам ғана ала алады. Өйткені оны өндіру үшін әлемде жоқ пальмалар көп қажет. Ал өнімдерде кездесетін пальма майы табиғи емес. Ол мұнайдан жасалған, сондықтан адам денсаулығына зиянды. Мұның бәрі өтірік.

Пальма майын майлы пальма (Elaeis guineensis) жемістерінен алады. Бұл ағаштар Батыс және Оңтүстік-Батыс Африканың жағалау маңындағы елдерде, соның ішінде Ангола, Габон, Либерия, Сьерра-Леоне, Нигерия және т.б. өседі. Сонымен қатар майлы пальма Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде – Малайзия мен Индонезияда кең таралған, пальма майының әлемдік жеткізіліміндегі олардың үлесі 85% құрайды.

Пальма майы әлемдегі ең тиімді және арзан май, өйткені басқа дақылдармен салыстырғанда одан өнімнің көп түрін жасауға болады. Мысалы, бір гектар күнбағыстан 0,7 тонна май шығады, ал сол гектардағы пальма ағашынан 3,3 тонна май өндіріледі. Осы қасиеттің арқасында жыл бойы шағын жер учаскелерінен көп мөлшерде өнім алуға болады. Демек, пальма майының қымбат екендігі туралы мәлімдеме жалған.

Сонымен қатар мұндай майды қолдануда әмбебап ететін бірнеше пайдалы қасиеті бар. Пальма майы бар өнімдер тотығуға төзімді, сондықтан олар ұзақ сақталады. A тазартылған пальма майының түтіндеу температурасы жоғары, шамамен 232°C, яғни қатты қыздырған кезде тұрақты болып қалады.

Пальма майы денеге зиян тигізбейді. Сонымен қатар ол ми қызметін қорғайды, өйткені ол Е дәрумені токотриенолдарының көзі болып табылады. Холестерин деңгейін жақсарту арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының қауіп факторларын азайтады және А витамині жетіспейтін немесе жетіспеу қаупі бар адамдарда оның ағзадағы мөлшерін арттырады.

Сонымен қатар видео авторы көптеген тағамдарда, дәрі-дәрмектерде және косметикада мұнай бар деп айтады. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Себебі өнімдерде мұнай таза түрінде емес, қайта өңделген мұнай өнімі – минералды май болуы мүмкін.

Ғалымдардың пайымдауынша, өңделмеген немесе аздап өңделген минералды май адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттырады.

Тағамда, дәрі-дәрмектерде және косметикада жоғары деңгейде тазартылған мұнай өнімі ғана болады. Жоғары деңгейде тазартылған минералды майды балғындықты сақтау және көгеруден қорғау үшін нан өнімдеріне, сақтау мерзімін ұзарту үшін консервіленген өнімдерге және витаминдер мен ауырсынуды басатын дәрілерге қосады.

2018 және 2019 жылдардағы бірнеше зерттеулерге сәйкес, жоғары деңгейде тазартылған минералды май улы емес және мүлдем зиянсыз. Кремдердегі мұндай май, керісінше, теріні қорғайды, құрғақтықтың алдын алады және терінің зақымдануын емдеуге көмектеседі.

Демек, таралған видео – фейк. Пальма майы мұнайдан жасалмайды. Бұл майлы пальма ағашының жемістерінен жасалған табиғи өнім.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button