Fake News

Фейк: «Клаус Шваб әлемдік үкімет адамзатты бақылау үшін жасанды интеллектті игеруі керек деп мәлімдеді»

Әлеуметтік желілерде Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы Клаус Швабтың сөзінен үзінді тарады. Видеода ол Дүниежүзілік үкімет саммитке қатысушыларды адамзатты бақылау үшін жасанды интеллектті игеруге шақырады. Бұл жалған.

Әлеуметтік желі қолданушылары таратқан үзінді 2023 жылдың ақпан айында Дүниежүзілік Үкімет саммитінде өтті. Клаус Швабтың сөйлеген сөзінің толық жазбасын YouTube-тен көруге болады. Оның сөзінің таралған бөлігі видеоның 7 минут 24 секундынан басталады.

Шындығында, Шваб онда жасанды интеллект туралы ғана емес, сонымен қатар синтетикалық биология және т.б. жаңа технологиялар туралы айтады:

«Он жылдан кейін біздің өміріміз мүлдем басқаша болады. Оған (технология, – автор) көп әсер етеді. Сол технологияларды меңгерген адам белгілі бір мағынада әлемнің қожайыны атанады».

Яғни, Клаус Шваб әлемдік үстемдік туралы емес, болашақта маңызды рөл атқаратын технологияларды игерудің қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты.

Сонымен қатар, ол бұл технологияларды тек Дүниежүзілік Үкімет саммитіне қатысушылар ғана меңгеруге тиіс деп мәлімдемейді.

Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button