Видео
«Балқаштағы жарылыс» видеосы автожолды жоспарлы жөндеу кезінде түсірілген
Әлеуметтік желілерде автомобиль жолындағы жарылыстың салдары көрсетілген видео тарады.Кадрлар Балқашта түсірілген деп жазылуда. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Балқаш әкімдігі жарылыс туралы ақпаратты теріске шығарды.
«Балқашта да, оның маңында да жарылыс болған жоқ, қала тыныш», – деді Балқаш әкімінің баспасөз хатшысы Темірлан Игембай.
Видео авторы түсірген жарылыс – бұл жолды реконструкциялау аясындағы жоспарлы жұмыстар.
«Балқаш-Бурылбайтал» автожолының, лот-3, 1955-2005 км бөлігін қайта құру учаскесінде жобаға сәйкес бұрғылау-жару жұмыстары жүргізілді. Бұл учаскеде жартасты топырақта қазба жұмыстары жүргізілуде», – деп түсіндірді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің баспасөз қызметі.