Манипуляция

Манипуляция: «ЕО-да өмірдің барлық салаларына байланысты болатын электрондық құжаттар енгізу жоспарлануда»

Танымал Telegram-чаттарда қазақстандықтар Еуропада оқу, жұмыс істеу, сатып алу мүмкіндіктеріне және ниет-тілекке, бәріне қатысты болатын цифрлық жеке куәлік енгізу жоспарланып отыр деп жазуда. Бұл рас па? Тексерейік.

2023 жылдың наурыз айының басында Еуропалық Парламенттің ресми сайтында цифрлық ID енгізу жоспарлары туралы толық ақпарат жарияланды. Мақалада құжат әлеуметтік қызметтерге қол жетімділікті және онлайн-транзакцияларды жеңілдетуге арналған делінген.

Сондай-ақ мәтінде цифрлық ID функцияларының толық тізімі берілген. Оларға мыналар жатады:

  1. Басқа құжаттарды алу немесе оларға өзгерістер енгізу рәсімін жеңілдету.
  2. Банктік шот ашу
  3. Салықтық шегерімге өтініш беру
  4. ЕуроОдақ университетіне құжаттарды тапсыру
  5. ЕО-ның кез келген елінде қабылдануы мүмкін медициналық рецепттерді сақтау
  6. Өз жасын растау
  7. Электрондық жүргізуші куәлігін пайдаланып автокөлікті жалға алу
  8. ЕО аумағындағы қонақүйлерде қағаз төлқұжатты пайдаланбай тіркелу.

Мақалада Еуропалық Одақ аумағында электрондық ID енгізіліп, қағаз және өзге де құжаттарды пайдалануға тыйым салынады деп жазылмаған. Демек, жоғарыда аталған барлық әрекеттерді тек электронды ID көмегімен ғана емес, әдеттегі құжаттарды қолдана отырып орындауға болады.

Сонымен қатар, мәтінде цифрлық құжатты енгізе отырып, адамдар өздерінің тілектерін шектейді немесе білім алу мен жұмыс істеу құқығынан айырылады деген сөз жоқ.

Қорыта айтқанда, таралған хабарлама манипуляция болып табылады. ЕО аумағында цифрлық ID енгізу жоспарланып отыр, бірақ бұл адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктері шектеледі дегенді білдірмейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button