Fake News

Фейк: «Отбасын жоспарлау клиникалары биоматериал сатады»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Америкалық отбасын жоспарлау федерациясының медициналық директорының видеосы жарияланды. Жасырын камерамен түсірілген кадрларда оның түсік тастаған сәбилердің тіндері үшін қомақты қаржы ұрап тұрғаны естіледі. Бұл ескі фейк.

Бұл видео Желіде 2015 жылы жазда шықты. Кадрларды жағдайға қарамастан түсік жасатуға қарсы радикалды топ – «Медициналық прогресс орталығының» өкілдері түсіріп, таратқан.

Америкалық отбасын жоспарлау федерациясы өкілдерінің айтуынша, бұл видеоролик компьютермен өңделген. Соңғы видеода айтылған сөздер диалог нәрестелердің тіндерін сату жайлы болғандай етіп жасалған.

АҚШ-та адам тіндерін, соның ішінде адам эмбрионының тіндерін сату заңсыз болып саналады. Бірақ оларды ғылыми ұйымдарға ақы сұрамай-ақ ерікті түрде беруге болады.

Федерация өкілдерінің айтуынша, видеода тіндерді осылай ақысыз беру мәселесі талқыланған. Оны түсірген адамдар өздерін ғылыми-зерттеу зертханасының қызметкерлері ретінде таныстырып, биоматериалды тасымалдау және сақтау шығындарын өтеу үшін ақша ұсынған, бұл заңға қайшы емес. Роликті монтаждау процесінде авторлар оны көрермендерге тіндерді сату жайлы айтылып жатқандай етіп жасаған.

Отбасын жоспарлау федерациясының Президенті Сесиль Ричардс ұйымның ғылыми зерттеулерге берілген нәрестелердің тіндерінен ешқандай пайда көрмейтінін мәлімдеді.

Таралған видеоның жалған екендігі туралы ірі ағылшын тілді бұқаралық ақпарат құралдары да жазды. 

Отбасын жоспарлау федерациясының ресми сайтында ролик пен адам тіндерінің саудасына қатысты айыптаулаға егжей-тегжейлі талдау жасалған.

Демек, таралған ақпарат – ескі фейк. Ол жұртшылықты шатастыруға және Отбасын жоспарлау федерациясының атына нұқсан келтіруге бағытталған қасақана әрекетке негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button