Қазнетте балалардың газдалған судан улануы туралы фейк Қазнетте тағы да таралуда
WhatsApp-та «Тархун» сусынын ішіп, уланған баланың қайтыс болғаны және басқа балалардың газдалған сусындардан қатты уланып қалғаны туралы фейк ақпарат тағы да таралды. ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты теріске шығарылды.
Хабарламада «Тархун» және «Ситро» газдалған сусындары ғана емес, сонымен қатар «M&M’S» дражесі, «Milky way» шоколады, «Дюшес» және «Барбарис» кәмпиттері және басқа да бірқатар тағамдар қауіпті деп танылғаны айтылған.
ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті тізімдегі бірде-бір өнім қауіпті деп танылмағанын, сондай-ақ Қазақстанда газдалған сусыннан қатты улану жағдайлары тіркелмегенін хабарлады.
«ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желілерде таралған азық-түлік өнімдері туралы ақпарат фейк деп танылып, шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлайды. Сондықтан жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз, ресми ақпарат көздерінен алынған ақпаратты пайдалануға шақырамыз», – деп хабарлады ведомстводан.
Газдалған сусын ішіп, уланған балалар туралы хабарлама ресейлік қолданушылар арасында 2019 жылы таралған.
Кейін Қазақстанға және басқа да елдерге жетті. Әр жолы хабарлама теріске шығарылып, «Тархун» сусынынан қатты улану жағдайлары тіркелмегені хабарланды.