Алаяқтық

«ҚазМұнайГаз» алаяқтар туралы ескертті

Қазнетте пайдаланушыларға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға «инвестиция салуға» шақырған алаяқтар тағы да әрекет етуде. Компания сайтында бұл туралы туралы ескерту жарияланды.

Хабарламада инвестиция салып, жоғары табыс табуға шақығрған ақпарат жалған екендігі айтылған.

«Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз. Алаяқтардың құрбаны болмас үшін «ҚазМұнайГаз» бағалы қағаздарын тек лицензияланған брокерлік компания арқылы немесе Tabys қосымшасынан сатып алуға болатындығын ұмытпаңыз. Брокерде лицензияның бар-жоғын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің веб-сайтында тексеруге болады. Tabys қосымшасымен tabysapp. kz ресми сайтында танысуға болады. Компанияның қызметі туралы ақпарат www.kmg.kz сайтында, Instagram @Kazmunaygaspress, Telegram @kmgpress, Facebook @kazmunaygaspress, Youtube @ KazMunaiGas әлеуметтік желілеріндегі компания беттерінде орналастырылады. Бұған қоса, қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша кеңес алу үшін ҚР азаматтары «1459» нөмірі бойынша ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіне алады», – делінген компанияның хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button