Fake News

Фейк: «Адамдардың жаһандық жылынуға әсер етпейтінін дәлелдейтін жаңа фактілер анықталды»

Қазнетте жаһандық жылыну туралы жалған ақпарат тағы да тарала бастады. Бұл жолы әлеуметтік желілерде адамдардың температураның көтерілуіне қатысы жоқ екендігі туралы жаңа псевдоғылыми дәлелдер ұсынылуда. Хабарламада сипатталған әрбір «фактіні» жеке талдап шығайық.

  1. Мұхит пен жер бетінің жылынуы -40 калий изотопының радиоактивті ыдырауымен байланысты.

РҒА ядролық зерттеулер институтының ғалымы Леонид Безруков осындай мәлімдеме жасады. Алайда, ол -40 калийінің ыдырауы мен температураның жоғарылауы арасындағы байланысты дәлелдейтін қандай да бір зерттеуге сүйенбейді. Сонымен қатар ғылыми журналдарда элементтің ыдырауының Жер бетіндегі температураға әсері түсіндірілген тақырыптары ұқсас еңбектер жоқ.

  1. Жер бетіндегі температура индексі 2001 жылдан 2011 жылға дейін күннің суытқанын көрсетеді.

Бірнеше жыл ішінде температура жоғарыдан төменге қарай біршама өзгеруі мүмкін. Мысалы, 2003 жылы жаһандық температураның орташа мәні +0,63°C, ал 2004 жылы +0,55°C болды. Ол 2001 жылдан 2011 жылға дейін бірнеше рет өзгерді.  Дегенмен, ауаның орташа температурасы біртіндеп өсті, атап айтқанда, 2005 жылы ол +0,70°C дейін көтерілді.

Сонымен қатар АҚШ-тың Ұлттық экологиялық ақпарат орталығының статистикасы бойынша 1977 жылдан бастап орташа жаһандық температураның мәні артып келеді. Бұған мысал ретіде 1977 жылды келтіруге болады, онда температура +0,21°C болды, ал 2017 жылы бұл көрсеткіш +0,95°C құрады.

  1. NASA мәліметтері бойынша полярлық қалпақтар 1979 жылдан бері басылмаған.

NASA ресми сайтында Антарктида мен Гренландияның мұз қабаттары 2002 жылдан бері азайып келе жатқанын көрсететін GRACE және GRACE Follow-On спутниктерінің деректері жарияланған. Антарктидада мұз массасы жылына орта есеппен 150 миллиард тоннаға, ал Гренландияда жылына шамамен 270 миллиард тоннаға кеміп, теңіз деңгейін арттыруда.

  1. Антропогендік СО2-нің табиғи заттармен ара қатынасы шамамен 1: 2400 құрайды. СО2-нің жаһандық жылынуға әсері бар екеніне дәлелдер жоқ.

Шын мәнінде, көмірқышқыл газының табиғи және антропогендік шығарындыларының мәнін салыстырған дұрыс емес. Антропогендік шығарындылар көміртегі циклінің табиғи тепе-теңдігін бұзады. Бұл циклдің мәні – жанартаулардың атқылауынан, орман өрттерінен, тірі организмдердің тыныс алуынан және органикалық заттардың ыдырауынан пайда болған СО2 бәрі мұхитқа, биосфераға және атмосфераға сіңеді. Яғни, табиғи көмірқышқыл газы тепе-теңдікте қалады.

Өнеркәсіп, көлік және жерді пайдалану сияқты адамның тіршілік әрекетінде пайда болған шығарындылар қосымша болып табылады. Құрлық пен мұхит оларды толығымен сіңіре алмайды. Осыған байланысты артық СО2 атмосферада қалады және оның концентрациясы жыл сайын артып, парниктік әсерді күшейтеді.

Табиғи парниктік эффект – бұл көмірқышқыл газынан, метаннан, азот оксидінен және су буынан тұратын құбылыс жер атмосферасы күн жылуын тежейді. Алайда, егер СО2 концентрациясы қазіргідей қажеттіліктен жоғары болса, парниктік эффект күшейіп, жердегі температура жоғарылайды.

Демек, әлеуметтік желілерде таралған жаңа «фактілер» дұрыс емес. Олар адамның жаһандық жылынуға қатысы жоқ екенін дәлелдемейді. Сонымен қатар жаһандық жылынудың шын екендігі және температураның жоғарылауына адамның тіршілік әрекеті әсер ететіндігіне дәлелдер көп.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button