Fake News

Фейк: «Клиникалар екі жастан бастап балалардың жынысын өзгертеді»

Instagram-да екі жастан асқан балаларға жынысын ауыстыру операциясын жасауға дайын клиникалар бар екендігі туралы ақпарат жарияланды. Мұндай хирургиялық араласуға баланың ойыншықтарды таңдау және оның мінез-құлқы болуы мүмкін. Бұл рас па, жоқ па, анықтайық.

Хабарламаға сәйкес, АҚШ-тағы клиникалар, мысалы, екі жасар қыз қуыршақ емес, машиналармен ойнайтын болса немесе ер бала оған тән емес ойыншықтарды таңдаса, баланың жынысын өзгертеді. Постта екі жастан төрт жасқа дейінгі балаларға ота жасауға дайын екі мекеме аталады: Дьюк клиникасы және Солтүстік Каролина университетінің клиникасы. Сондай-ақ ECU Health клиникалар желісі де атап көрсетілген. Аталған ауруханалардың барлығы Солтүстік Каролинада орналасқан, сәйкесінше осы штаттың заңдарына бағынады. Оларға сәйкес, 18 жасқа толмаған адамдарға жынысын ауыстыру бойынша операция жасалмайды. 

Дьюк клиникасының сайтында да дәл осылай жазылған. Клиникада гендерлік дисфориясы бар 18 жасқа дейінгі балаларға хирургиялық араласуды қажет етпейтін консультациялық және басқа да көмек көрсетіледі.

Солтүстік Каролина университетінің клиникасының сайттарында және ECU Health клиникалар желісінде балалардың жынысын ауыстыру операциялары туралы ақпарат жоқ.

Бұған дейін Associated Press порталының фактчекерлері Солтүстік Каролинада екі жасар балалардың жынысын өзгертуге дайын клиникалар бар деген хабарламаларды жоққа шығарған. 

Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button