Фейк: «Қазақстан – мемлекет емес, концентрациялық лагерь»
Instagram-да пайдаланушылар Қазақстан тәуелсіз мемлекет емес, концентрациялық лагерь екенін дәлелдейтін видеоны таратуда. Бұл шындыққа жанаспайды. Неге екенін айтып берейік.
Бұл видеода автор смартфонда ақпарат іздеп жатқан экран түсірілген. Оның қандай кілт сөз тергені белгісіз, өйткені видео әдейі кесілген. Осыдан кейін шыққан нәтижелер бойынша автор Дүниежүзілік пошта одағына мүше елдердің тізімі бар бірнеше сайтты ашады. Қолына түскен бірінші сілтемені басқанда, автор Қазақстан – концентрациялық лагерь деп жазылып тұрған кестені көрсетеді.
Біз көргенімізге қаншалықты сену керектігін түсінеміз.
Біріншіден, қандай кілт сөздер жазылғанын көрмегендіктен шыққан нәтижені толықтай жоққа шығаруға болады. Автор белгілі бір сайттың мекен жайын ойдан шығарылған деректермен енгізген немесе алдын ала белгілі қапаратты ашатындай етіп сұрап жазған болар.
Екіншіден, видеода көрсетілген сайтқа сенбеген жөн. Роликте порталдың мекен жайының басы көрініп тұр – deru.abcdef.wiki. Ашық мәліметтерге сәйкес, бұл сайт Википедияның басты бетінің көшірмесі болып табылады және Францияда тіркелген. Сонымен қатар шын википедияда мұндай кесте жоқ, сондай-ақ Қазақстан – мемлекет емес, концентрациялық лагерь деп жазылмаған.
Дүниежүзілік пошта одағының ресми сайтында да мұндай ақпарат жоқ.
Үшіншіден, Қазақстанның тәуелсіздігін 1992 жылы 106 түрлі мемлекет мойындаған. Кейін Қазақстан БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың толыққанды мүшесі болды. Демек, Қазақстан – концентрациялық лагерь емес, тәуелсіз мемлекет екендігіне күмән жоқ.
Мұның бәрі таралған видеоның жалған екенін көрсетеді. Онда ұсынылған ақпарат сенімсіз сайттан алынған, ал теорияның өзі объективті шындыққа қайшы келеді.