Fake News

Фейк: «ДДҰ халықаралық құқықты өзгертпек»

Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 21-30 мамыр аралығында Женевада өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-шы сессиясында халықаралық құқық өзгертіледі деп жазылуда. Онда ДДҰ қаулыларына бұрын-соңды болмаған заңды күш беретін жаңа халықаралық медициналық-санитарлық ережелер қабылданады екен. Бұл олай емес.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-шы сессиясы 2023 жылғы 21-30 мамыр аралығында Женевада өтеді. Бұл туралы ДДҰ ресми сайтында жазылған. Онда сессияның барлық құжаттары, соның ішінде күн тәртібі де жарияланған. Демек, іс-шараға қатысушылар нені талқылайтыны белгілі. Жарияланған файлдарда жаңа халықаралық медициналық-санитарлық ережелер мүлдем айтылмаған.
Бүгінде әлемде 2005 жылы қабылданған халықаралық медициналық-санитарлық ережелер (ХМСЕ) қолданылады.
2022 жылы ДДҰ-ға қатысушы бірнеше ел оларға түзетулер енгізуді ұсынды. Барлығы 307 түзету, бірақ олардың ешқайсысы адамдарды бақылауға, адамның қадір-қасиетін жоққа шығаруға және әлеуметтік желілерде жазылғандай басқа да мақсаттарды көздемейді.
Ережелерге «пандемия» және «пандемиямен күресу құралдары» сияқты ұғымдарды енгізу ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ДДҰ мен қатысушы елдердің өкілдері арасындағы байланысты жақсарту, вакциналар мен басқа да маңызды дәрі-дәрмектерді тең бөлу туралы айтылады. 
ХМСЕ-ге енгізуге ұсынылған түзетулер оған міндетті заңды күш береді деген пікір – манипуляция. 2005 жылы қабылданған Ережелердің ондай күші бар. Сондықтан бұл тұрғыда ешқандай өзгерістер қарастырылмаған. 

ХМСЕ-ге енгізілетін түзетулерді қабылдауды ДДҰ-ға қатысушы елдер бұрын – 2023 жылғы 17-20 сәуір аралығында талқылаған. Түпкілікті шешім қабылданған жоқ.
Демек, таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-шы сессиясында халықаралық медициналық-санитарлық ережелерге енгізілетін түзетулерді қабылдау талқыланбайды. Екіншіден, бұл түзетулерде адамдарды бақылау, адамның қадір-қасиетін жоққа шығару және халықаралық құқықтағы жалпы өзгерістер туралы жазылмаған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button