Fake News

Фейк: «АҚШ вакциналарда графен оксидінің бар екенін ресми түрде мойындады»

Әлеуметтік желілерде Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксидінің бар екенін ресми түрде мойындағаны туралы «жаңалықтар» талқылануда. Бұл қауесеттер қайдан шықты? Оған неге сенбеу керек? Түсіндіріп өтейік.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксидінің бар екенін ресми түрде мойындағаны туралы хабарламалар Желіде 2023 жылдың сәуір айының басында тараған. Пайдаланушылар FDA сот шешімі бойынша жариялаған вакциналар құрамындағы графен оксиді туралы жазылған Pfizer-дің құжатына сүйенді.
Алайды шыққан құжатта бұл туралы мүлдем жазылмаған. FDA өкілдері Twitter-дегі аккаунтында түсіндіргендей, графен оксиді SARS-CoV-2 коронавирусының спайк ақуызын зерттеу кезеңінде қолданылған. Графен оксидінің көмегімен ақуыз микроскопия кезінде визуализацияланды.
Графен оксиді вакцинаның құрамында болған емес. Препараттың толық құрамы Pfizer-дің ресми сайтында жарияланған.
Жұқпалы аурулар бойынша балалар маманы және Мэриленд университетінің Медицина мектебінің вакциналарды әзірлеу орталығының зерттеушісі Доктор Мэттью Лоуренс құжатпен танысқаннан кейін Associated Press порталының фактчекерлеріне графен оксиді вакциналардың құрамына кірмейтінін айтты. Зерттеушінің сөзінше, графен оксидінің көмегімен ғалымдар вакцина тудырған тікенектің ақуыз коронавирустың нақты тікенеті ақуызына ұқсайтынын тексерген.
Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн. FDA COVID-19 қарсы вакциналарда графен оксиді табылды деп мәлімдеген жоқ. Қастандық теориясын жақтаушылар сүйенген құжат мұны дәлелдемейді. Онда COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы туралы емес, зертханалық тәжірибе туралы жазылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button