Талдау

Желіде Билл Гейтс пен вакцинация туралы фейктер топтамасы тарады

Әлеуметтік желі қолданушылары таратқан мәтінде Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс паралич, бедеулік тудыратын және өлімге әкелетін вакциналарды әдейі жасап, насихаттайды делінген. Хабарламадағы басты тезистерді талдайық.

1. Үндістанда Билл Гейтстің полиомиелитке қарсы вакцинасынан 496 мың бала сал ауруына шалдықты.
Бұл көп жылдар бойы желіде тарап жатқан ескі фейк. Оның авторы Роберт Кеннеди – вакцинацияға қарсы белгілі тұлған. Кеннедидің Үндістанда 496 мың бала вакцинациядан кейін сал болып қалғанын растайтын ресми деректер жоқ.

2. ДДҰ «полиомиелит ошағы» вакцинацияның салдары екенін мойындады
Бұл өтірік. Біріншіден, әлемде «полиомиелит ошағы» жоқ. 2021 жылы планетада полиомиелиттің 6 жағдайы ғана тіркелді, ал 1988 жылы 125 елде 350 мың жағдай болған. Полиомиелитке қарсы тірі әлсіреген вакцинамен иммундау өте сирек жағдайларда ауру жұқтыруға әкелуі мүмкін. Алайда, бұл жағдайда ауру асқынусыз жүреді. Кейбір жағдайларда ауру жұқтыру жағдайлары негізінен вакцинацияланбаған ортада болады. Вирус бір адамнан екіншісіне жұғып, мутацияға ұшырап, күшейеді, мұның салдары параличке әкелуі мүмкін.

3. АПВ қарсы вакцинадан 7 қыз қайтыс болды, ал 1200-і бедеулікке ұшырады
2010 жылы Үндістанда адам папилломавирусына қарсы вакцина сыналды. Оны Билл және Мелинда Гейтс қоры демеушілік ететін денсаулық сақтау саласындағы Program for Appropriate Technology in Health (PATH) коммерциялық емес ұйымы жүргізді. Зерттеу аяқталған жоқ. Жеті қатысушы қыздың өліміне байланысты тоқтатылды. Алайда, қайғылы жағдайлардың вакцинаға қатысы жоқ. Үнді БАҚ хабарлағандай, қыздардың бірі суға батып кеткен, екіншісін жылан шағып алған, екеуі пестицидтер ішіп, өз-өзіне қол жұмсаған, тағы біреуі безгектен кейінгі асқынулардан көз жұмған. Қалған екі қатысушының өлімінің нақты себептері жария етілмеді. Дегенмен, олардың вакцинациямен байланысты емес екені белгілі. Сондай-ақ, тірі қалған 1200 сынақ қатысушының бедеулікке ұшырағанына да ешқандай дәлел жоқ. 

4. Билл Гейтстің вакциналарына адамдарды зарарсыздандыру үшін химиялық заттар қосады
Бұл вакцинацияға қарсы адамдар көп жылдан бері қолданып келе жатқан ескі фейк. Оның авторы – Роберт Ф.Кеннеди, ол өзінің түбегейлі, бірақ негізсіз мәлімдемелерімен танымал.

5. АКДС вакциналары Африкада құтқарғаннан гөрі көп баланың өліміне себеп болды
Бұл шындыққа жанаспайды. Бұл тезисті растайтын статистика жоқ. Бірақ қызылшадан (АКДС вакцинасы қорғайтын аурулардың бірі) жыл сайын жүздеген вакцинацияланбаған баланың қайтыс болатынына дәлелдер бар. Мәселен, өткен, 2022 жылы Зимбабведе қызылша өршігенде 700 бала көз жұмды. Олардың барлығы негізінен егілмеген.

Мұның бәрі ақпаратт келтірілген тезистерді жоққа шығарады. Яғни таралған мәтінге сенбеген жөн. Бұл бұрын теріске шығарылған фейктер мен дәлелденбеген мәлімдемелер топтамасы болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button