Фейк: «Сериалда 15 минуттық қалалар тұжырымдамасының пайда болатыны болжанған»
Telegram чаттарда пайдаланушылар британдық «Жылдар мен жылдар» сериалын талқылауда. Онда болашақ және 15 минуттық қалалар тұжырымдамасының пайда болатыны болжанған екен. Бұл жалған.
Сериал 2019 жылы көрерменге жол тартқан, онда 2019-2029 жылдар аралығында Ұлыбританияда тұрған бірнеше ұрпақтан тұратын үлкен отбасы жайлы баяндалады. Алты серияда осы жылдар ішінде әлемнің қалай өзгеретіні көрсетіледі. Сериал авторлары Дональд Трамп АҚШ-та екінші мерзімге қайта сайлануы, оның Вьетнамға ядролық зымыран ұшыруы сияқты шынайылықты жеткізеді. Сонымен қатар Ұлыбританияда цифрландыруды жоюды, IQ 70-тен төмен адамдарды дауыс беру құқығынан айыруды және иммигранттар үшін «өлім лагерлерін» құруды жақтайтын саясаткер Вив Рук танымал бола бастады. Сериал сюжетінің жүзеге аспайтыны және оны жасаушылардың қиялының жемісі екені анық.
Фильмде 15 минуттық қалалар тұжырымдамасы туралы айтылмайды. Алайда, сериялардың бірінде қоршауға алынып, тұрғындарына тыс жерлерге шығуға тыйым салынған аудан көрсетілген. Сюжет бойынша билік осылайша қылмыс деңгейі қала бойынша орташа деңгейден жоғары болған жерлерді оқшаулауға тырысқан.
15 минуттық қалаларда блок-бекеттер қойылып, аудандар арасында жүруге тыйым салынбайды. Идея мектепке, ауруханаға, театрға, дәмханаға және дүкенге жаяу немесе велосипедпен небәрі 15 минутта жетуге болатындай адамдарға ыңғайлы кеңістік құруға негізделген.
Билік кейбір аудандарда қозғалысқа 15 минуттық қала тұжырымдамасын енгізбей-ақ тыйым сала алады. Мысалы, мұндай шаралар, Англияда Оксфордта қабылданған. Онда нақты бір сағаттарда орталыққа жеке көлікпен кіруге болмайды. Сонымен қатар онда жаяу, қоғамдық көлікпен, таксимен, велосипедпен немесе скутермен жетуге болады. Мұндай шектеу парниктік газдар шығарындыларын азайту және қала орталығын мыңдаған машинадан босату үшін қажет.
Демек, таралған ақпарат фейк. Ал «Жылдар мен жылдар» сериалында 15 минуттық қалалар тұжырымдамасы туралы айтылмайды.