Fake News

Фейк: «Адамдарды өлтіру үшін малға екпе жасайды»

Мессенджерлерде ет жеген адамдарды улау және өлтіру үшін малға мРНҚ вакциналары салынатыны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған.

мРНҚ негізіндегі вакциналар ветеринарлық қолдануға арналған технологиялар әзірленуде. 2022 жылдың басында мұндай вакциналар әлі жасалмаған еді. Содан бері бұл саладағы жұмыстың ілгерілегені туралы жария етілген жоқ.
Дегенмен, мұндай вакциналар жасалса да, бұл ет жейтін адамдар үшін аса қауіпті дегенді білдірмейді.
мРНҚ молекуласы нәзік және вакцина енгізілгеннен кейін бірнеше күннің ішінде ыдырайды. Бұл COVID-19 қарсы вакциналардың мРНҚ-сын зерттеу арқылы белгілі болды.
мРНҚ вакциналары адамдар үшін қауіпті емес және олар өлімге әкелмейді. Бүгінгі таңда әлемде COVID-19-ға қарсы 5.5 млрд-тан астам адам егілді. Олардың басым бөлігі мРНҚ препараттарын алды. Вакцинацияланғандар арасында жаппай өлім байқалмайды.
Демек, адамдарды өлтіру мақсатында малға мРНҚ вакциналары салынады деген ақпарат – фейк. Біріншіден, жануарларға арналған мРНҚ вакциналары әлі әзірленіп жатыр, екіншіден, мұндай препараттар адамдарды өлтірмейді, бұл оларды қолданудың ауқымды тәжірибесімен дәлелденген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button