Фейк: «Балалар тәттілеріне азот диоксиді қосылады»
Қазнет қолданушылары балалар тәттілеріне өте улы зат – азот диоксидін қосатыны туралы жазды. Мұның бәрі өтірік.
Азот диоксиді – иісі өткір қоңыр газ немесе сарғыш-қоңыр сұйықтық. Бұл зат күшті тотықтырғыш болып табылады. Ол сумен, жанғыш материалдармен және тотықсыздандырғыштармен әрекеттесіп, азот қышқылы мен азот оксидін шығарады. Азот диоксиді тамақ өнеркәсібінде мүлдем қолданылмайды. Тыныс алған жағдайда ол өкпеге зақым келтіруі мүмкін, ал жұтқан кезде ауыз бен тамақ күйіп кетуі мүмкін.
Өнімнің кейбір түрлерін буып-түю үшін азотты қолдануға болады. Бұл азот диоксиді емес. Азот формуласы N, ал азот диоксиді NO2. Азот – түссіз улы емес газ. Ол Жер атмосферасының көп бөлігін құрайды. Біз тыныс алатын ауа 78% азоттан және тек 21% оттектен тұрады. Бұл азоттың қауіпсіз екенін дәлелдейді.
Тамақ өнеркәсібінде азот E941 тағамдық қоспасы ретінде белгіленеді. Бұл газ печенье мен чипсы пакеттерін толтыру үшін қолданылады. Азот басқа тауарларды орау үшін де пайдаланылады. Ол өнімдердің бүлінуіне жол бермейді және олардың балғындығы мен түрін сақтауға мүмкіндік береді.
Демек, балалар тәттілеріне улы азот диоксидін қосады деген ақпарат – фейк. Азот диоксидінің иісі өткір және тыныс алған жағдайда ол өкпеге зақым келтіреді. Азот диоксиді тамақ өнеркәсібінде қолданылмайды.