Fake News
ААК Bek Air ұшағының ұшуы туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Telegram-да ұшуларды бақылауға арналған Flight Radar қосымшасы 2020 жылы лицензиясынан айырылған Bek Air әуекомпаниясының ұшып бара жатқан борты тіркелгені туралы хабарлама тарады.
Азаматтық авиация комитеті осыған қатысты пікрі білдірді:
«РК8265 бортының ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі екенін хабарлаймыз. «Қазаэронавигация» РМК бұрын Bek Air әуе компаниясына тиесілі болған әуе кемелерінің ұшуын тіркеген жоқ».