Манипуляция

Манипуляция: «Балалы болудан бас тарту арқылы сіз экологияға зор үлес қосасыз»

Instagram-да пайдаланушылар ұрпақ өсіруден бас тарту арқылы Жерді сақтауға зор үлес қосуға болатындығы туралы ағылшын тіліндегі мақаланың суретімен бөлісуде. Жарияланымда мұндай идеяларды насихаттай отырып, кейбір адамдар өздерінің жасырын жоспарларын жүзеге асырады делінген. Бұл олай емес.

 

Фотосуреттегі мақала 2017 жылы жарық көрген және сол жылы жүргізілген зерттеу туралы. Онда дүние келген әр бала өмірінде қандай да бомласын жануарға немесе көлікке қарағанда көбірек СО2 бөліп шығарады делінген. Яғни, бала туу арқылы адамдар жаһандық жылынудың жойқын процестерін жеделдетеді.
Қазірдің өзінде бұл зерттеуді өзекті деп айту қиын. Ғалымдар осы тақырып бойынша басқа зерттеулер жүргізді және 2017 жылғы жұмыста экология саласындағы әлемдік және мемлекеттік саясаттың өзгеруі және «жасыл» технологиялардың дамуы сияқты бірқатар маңызды факторлар ескерілмеген деген қорытындыға келді. Дәл осы факторлар жаһандық жылыну қарқынында және жер экологиясын сақтауда шешуші рөл атқарады.
2022 жылғы жаңалықтардың бірінде, осы факторларды ескеретін болсақ, онда 2022 жылы туған бала СО2-ні 28 жасқа толғанға дейін ғана бөліп шығарады. Себебі, көптеген дамыған елдер 2050 жылы СО2 шығарындыларын нөлге дейін төмендетуді жоспарлап отыр. Демек, бала туудан бас тарту мағынасыз.
Сонымен қатар балалардың экологияға әсері туралы жазатын көптеген бұқаралық ақпарат құралдары ата-ана болудан бас тарту кейбір елдерде демографиялық дағдарыстың болуына және халықтың қартаюына әкеп соқтыруы мүмкін. 
Осылайша, таратылған хабарлама манипулятивті болып табылады. Оған тіркелген мақала 2017 жылы ескірген және дұрыс жүргізілмеген зерттеу негізінде жазылған. Қазір балалардың дүниеге келуі Жер экологиясына әсер етпейтінін дәлелдейтін заманауи еңбектер бар.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button