Fake News

Фейк: «Дүкендерде жүкті қуыршақ Кен сатыла бастады»

Қазнетте әлемге әйгілі Барби қуыршағын өндірушілер түсірген жарнамалық видео тарады. Кадрларда Барбидің жүкті «жұбайы» Кен көрсетілген және мұндай жүкті қуыршақтар сатылымға шығарылды деп жазылған. Бұл шындыққа жанаспайды.

Шын мәнінде, жүкті Кеннің сатылымға шығарылғаны туралы жаңалықты қуыршақ өндіруші Mattel компаниясы емес, ағылшын тілді The Babylon Bee сатиралық порталы таратқан. Мұндай ақпарат сайтта 2022 жылғы мамырда жарияланған. Порталдағы жарияланымдардың шындыққа жанаспайтыны туралы сайттың «Біз туралы» бөлімінде жазылған. Онда былай делінген: «The Babylon Bee – әлемдегі ең үздік сатиралық сайт. Біз христиандық, саясат және күнделікті өмір туралы сатира жазамыз. The Babylon Bee 6000 жыл бұрын жаратылыстың сегізінші күні құрылды».
Барби қуыршақтарын шығаратын Mattel компаниясының ресми сайтында ассортименттің толық тізімінде жүкті Кен жоқ. 
«Атышулы қуыршақ» туралы жаңалық Желіде тарады және оны фактчекерлер жоққа шығарды. Мысалы, Проверено.Медиа порталы 2022 жылдың мамыр айының соңында жүкті Кен туралы хабарламалар сатира және мұндай қуыршақтар жоқ деп жазған. 

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button