Fake News

Фейк: «Аспандағы графен сақинасы видеоға түсірілген»

Қазнет қолданушылары аспанда қалыптасқан қара сақинаның видеосын талқылауда. Кейбіреулердің пікірінше, бұл 5G желілерінің әсерінен сақина болып жиналып қалған графен бөлшектері. Шын мәнінде оның не екенін айтып берейік.

Желіде аспандағы дәл осындай қара сақиналар көрсетілген видеолар көп. Олардың кейбірінде сақиналар түтіннен қалыптасқан деген пікірлер айтылады. Оған графеннің де, 5G-дің де еш қатысы жоқ.
Жоғары көтеріліп, сақиналар түзетін қара түтін үлкен дизельді қозғалтқыштардан, зауыттардың құбырларынан, тіпті жылыту пештерінен де шығады. Желіде мұндай сақиналардың қалай пайда болатыны көрсетілген видеоларды көруге болады.

Былтыр қазан айында Қосшы қаласында аспанда түтіннен қалыптасқан сақина байқалды. Оның пайда болуына жеке меншік үйлердің бірінде пеште көмірдің күрт тұтануы себеп болды.

Фейк: «Нұр-Сұлтанда аспанды графен бұлт торлады»

Демек, таралған кадрларда белгісіз нысан немесе жұмбақ нәрсе емес, жай ғана түтін бейнеленген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button