Медициналық фейктер

Фейк: «Сутегі асқын тотығын мұрын тамшылары ретінде пайдалану арқылы барлық аурулардан аулақ болуға болады»

Қазнет пайдаланушылары өте даулы кеңестермен бөлісуде. Telegram чаттарының бірінде мұрынға сутегі асқын тотығын үнемі тамызса, барлық аурулардан аулақ боласыз деп жазылды. Осы хабарламада мұндай әдет әсіресе 5G желілері мен жаңа көше шамдарының қосылуына байланысты болатын келесі локдаун кезінде пайдалы болады делінген. Бұл теорияларды талдап шығайық.

Сутегі асқын тотығынан бастайық. Бұл терең емес жараларды дезинфекциялауға және дақтарды кетіруге арналған жақсы құрал. Оны ішуге және мұрынға тамызуға болатыны туралы теорияны баламалы медицинаны жақтаушы Иван Неумывакин ойлап тапқан. Оның пікірінше, сутегі асқын тотығы тұмаудан бастап қатерлі ісікке дейін емдейтін панацея. Әрине, Неумывакин өз гипотезаларын ешқандай клиникалық зерттеулермен растаған жоқ.
Ол үшін мұны басқа ғалымдар жасады.
Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, сутегі асқын тотығының әлсіз ерітіндісімен тамақ пен мұрынды шаю вирустық ауруларды жұқтыру ықтималдығын біршама төмендетеді. Алайда, бұған кепілдік берілмейді және сутегі асқын тотығының ауруды емдеп жазатыны екіталай.
Сонымен қатар сутегі асқын тотығы қоздырғыштары вирустар болып табылатын басқа ауруларға әсер етпейді.
Сондай-ақ сутегі асқын тотығы қауіпті болуы мүмкін екенін естен шығармаған жөн. Мысалы, егер тамақты немесе мұрынды шаю кезінде кездейсоқ 3%-дық зат ерітіндісін жұтып қойсаңыз, онда аз уақыттан кейін жүрек айнуы мен құсу белгілері пайда болуы мүмкін. Егер әлдеқайда концентрацияланған ерітіндіні жұтып қойсаңыз, онда ішкі ағзаларды күйік шалып, тіндер бұзылуы ықтимал. Концентрациясы 10%-дық және одан жоғары сутегі асқын тотығының бір жұтымы да асқазан-ішек жолдарын зақымдайды.
Енді локдаун мен 5G желілеріне тоқталайық. Біріншіден, олар бір-бірімен байланысты емес. Локдаун белгілі бір аймақта немесе елде эпидемиологиялық ахуал өте нашар және тұрақсыз болған жағдайда жарияланады.
5G желілері бұған әсер етпейді. Олар 4G, Wi-Fi және полиция радарларының диапазондарында жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы эпидемиологиялық жағдайға әсер етпейтіні анық.
Бұған дейін мамандар мен фактчекерлер 5G қандай да бір жолмен ауру таратады деген теорияларды жоққа шығарған болатын.
Көше шамдары мен олардың белгілі бір жолмен алдағы локдаунмен және аурулармен байланысы бар деген теорияға жеке тоқталайық. Бұл – қастандық теориясы. Оны Британдық Марк Стил ойлап тапқан. Оның пікірінше, көшедегі жарық шамдары – қан кетуді, түсік тастауды және қатерлі ісік ауруын тудыратын жаппай қырып-жою қаруы. Шын мәнінде, көше шамдары бұл жағдайларға әсер етпейді, олардың жалғыз мақсаты – қараңғыда көшені жарықтандыру.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, сутегі асқын тотығын мұрынға тамызу іс жүзінде пайдасыз, ал кейбір жағдайларда тіпті қауіпті болуы мүскін. 5G желілері мен көше шамдары елдегі эпидемиологиялық жағдайға еш әсер етпейді, ал локдаун адамдар жаппай және қатты ауырған жағдайда ғана жарияланады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button