Оқу-ағарту министрлігі педагогтер мен оқушыларға арналған ақылы семинарлар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде қазақстандық педагогтер мен оқушыларға арналған түрлі ақылы семинарлар, тренингтер мен олимпиадаларды жарнамалайтын аккаунттар кездеседі. Оларды өткізу министрлікпен келісілген және сертификатталған екен. Бұл олай емес.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мұндай халықаралық олимпиадалар мен семинарлар туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
– Оқу жылы басталғалы жеке тұлғалар немесе ұйымдар мұғалімдерді, оқушыларды және олардың ата-аналарын ақылы негізде түрлі конкурстарға қатысуға тартуға тырысуда. Оқу-ағарту министрлігінде ұсынылған олимпиадалардың тізімі бар екенін атап өтемін. Осы тізбеге кірмейтін конкурстарға қатысу нәтижелері аттестаттау, жұмысқа қабылдау және т.б. жағдайда ескерілмейді, сондай-ақ жеке тұлғалар ақылы негізде түрлі энциклопедияларға енгізу, марапаттар, медальдар мен құрметті атақтар ұсынады. Бұл ретте Оқу-ағарту министрлігімен жасалған түрлі меморандумдар мен келісімдерге сілтеме жасалады. Бұл ақпарат жалған. Күмәнді ақылы конкурстарға, олимпиадаларға және сол сияқты іс-шараларға қатыспауға кеңес береміз, – деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.
Ұсынылған олимпиадалар тізімімен мына жерден таныса аласыздар: