Fake News

ІІМ балалар желілік ойындарындағы алаяқтар туралы видеоға қатысты пікір білдірді

Қазнетте тараған видеода бір әйел желілік компьютерлік ойында біреулер баласын алдамақ болғанын айтқан. Олар ата-анасының банктік картасының суретін жібергені үшін бес миллион теңге беретіндерін айтқан.

ҚР ІІМ хабарлауынша, полицияға мұндай шағыммен жүгінген бірде-бір қазақстандық жоқ.
«Қазақстанда мұндай фактілер анықталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Баршаңызды сақ болып, банктік шоттарыңыз, карталарыңыз және депозиттеріңіз туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға бермеуге шақырамыз.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button