Фейк: «ҰҚШҰ-ға қатысушы елдер Донбассқа шақыруда»
Қазнетте РФ Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев дайындаған деген құжат тарады. Мәтінге сәйкес, ҰҚШҰ Жарғысының 8-бабына сәйкес қатысушы елдер Донбасста РФ әскеріне көмектесуі керек. Бұл жалған.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
– «ҰҚШҰ Хатшылығына Ресей Тарапынан Ресей Федерациясының құрамына жаңа субъектілерді қабылдауға байланысты ешқандай өтініш келіп түскен жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында таралған осы тақырыптағы хабарламалардың бәрі ойдан шығарылған және шындыққа жанаспайды»,-деді ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов ҚазТАГ агенттігіне.
Айта кетейік, дәл осы «құжат» Қырғызстанда да таралды. Ресейдің Қырғызстандағы елшілігі оның фейк екенін хабарлап, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырды.