Fake News

Фейк: «Вакцина егілген адамдардың терісі мен тынысы арқылы шығарылады және егілмегендерге зиян тигізеді»

Әлеуметтік желілерде өз бетінше тарайтын егулер туралы ақпарат жарияланды. Онда дәрі егілген адамдар коронавирусқа қарсы вакцинадағы қауіпті заттарды тыныс алу және тері арқылы шығарады делінген. Бұл шындыққа жанаспайды.

Өз бетінше тарайтын вакцина туралы мәліметтер Pfizer компаниясының ресми құжатына негізделген, онда вакцинаның компоненттері тері немесе тыныс алу арқылы шығарылады және бұл жүкті немесе бала емізетін әйелдерге әсер етеді делінген. Аталған құжат препараттың тиісті дозасын анықтау және оның қауіпсіздігін, төзімділігін, иммуногенділігін және тиімділігін бағалау үшін жүргізілген зерттеу болып табылады. Құжаттың 8.3.4-8.3.5-тармақтарында тері немесе тыныс алу арқылы тығыз байланыс болған кезде ана мен баланың арасындағы өзара әсер туралы айтылатыны рас. Бірақ бұл жерде тексеріліп жатқан вакцинаны егудің емес, тығыз байланыс арқылы берілетін SARS-COV-2 вирусының әсері туралы айтылып отыр.

Демек, бұл құжат өз бетінше таралатын егулер туралы теорияны растамайды.
Сонымен қатар хабарламада канадалық доктор Чарльз Хоффтың сөзі келтірілген. Ол бұған дейін COVID-19 вирусына қатысты бірнеше рет жалған мәлімдеме жасаған, соның ішінде вакцинаның салдарын болдырмау үшін ивермектин ұсынған және өз бетінше таралатын егулер туралы.
Канадалық Британ Колумбиясы провинциясының тәртіптік комитеті медициналық мамандықтар туралы заңның және медициналық қауымдастықтың этика және кәсібилік кодексінің стандарттарын бірнеше рет бұзуына байланысты оның әрекеттерін заңсыз деп тапты. Дәрігердің заңсыз әрекетін тергеу үшін тыңдау тағайындалды. Яғни, Чарльз Хоффтың сөзіне сенуге болмайды.

Вакцинаның компоненттері тері немесе тыныс алу арқылы шығарылатыны туралы пікірді фактчекерлер жоққа шығарды. Профессор, Oxford Vaccine Group директоры Эндрю Поллард Full Fact-қа берген сұхбатында: «Мен иммундаудан кейін COVID-19 қарсы лицензияланған кез келген вакциналардың компоненттерін бөлудің биологиялық сенімді тетігін ойлап таба алмай жүрмін» деді.
Вакциналардың қауіпсіздігі көптеген зерттеулермен расталады.
Демек, өз бетінше таралатын егулер мен вакцинаның тері немесе тыныс алу арқылы шығарылатыыны туралы ақпарат жалған болып табылады. Мұндай хабарламаларға сенудің қажеті жоқ, өйткені мәлімдемелердің бірде-біреуі ғылыми расталған жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button