Fake News

Фейк: «ОБҚ құжаттарында COVID-19 – бұл қан ауруы деп айтылған»

Әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың айтуынша, ОБҚ (Орталық  барлау қызметі) құжаттарында COVID-19 туралы бар шындық жазылған. Онда коронавирустық инфекция – бұл қан ауруы, ал пневмония – кез келген өршіген аурудың соңғы сатысы делінген. Мұның бәрі өтірік.

Бұл мәлімдемені тексеру қиын емес. Ол үшін ОБҚ-ның ресми сайтына кіріп, іздеу жолағында «COVID-19» деп теру керек. Сұрау нәтижелері бойынша жүйе порталдың барлық бөлімдерінде орналасқан осы сөз қолданылған жарияланымдарды ұсынады.

Жалпы, іздеу нәтижесінде 1 227 материал шығады. Алайда, олардың ешқайсысында COVID-19 қан ауруы деп айтылмаған. ОБҚ сайтындағы «Негізгі жұқпалы аурулар» парақшасында COVID-19 «жаңа коронавирус тудырған тыныс алу ауруы» ретінде сипатталған. Онда урудың қан жасушаларына әсер ететіні туралы ештеңе жазылмаған.

«Пневмония» (pneumonia – ағылш.) сұрауы бойынша ОБҚ сайтында осы сөз қолданылған жеті мақала шығады. Олардың барлығы ұйым қызметкерлерінің, белгілі тұлғалардың өміріндегі оқиғаларды немесе тарихи оқиғаларды сипаттауға арналған. Пневмония –  бұл кез келген өршіген аурудың соңғы сатысы деген мәлімдеме сайтта жоқ.

Оның үстіне, мұндай болжамдар ғылымға қарсы және негізсіз. Пневмония – бұл бактериялар, саңырауқұлақтар немесе вирустар тудыруы мүмкін жедел респираторлық инфекция. Егер бұл қоздырғыштар ағзаға енбесе, онда пневмония болмайды.

Демек, ОБҚ құжаттарында COVID-19 – бұл қан ауруы, ал пневмония кез келген аурудың салдарынан дамиды деп жазылғаны туралы ақпарат – фейк.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button